Бүгін түнде Алматы қаласының бес ауданында жасыл желектерді ауру мен зиянкестерден қорғау мақсатында биологиялық өңдеу жұмыстары өтті. Атап кетсек, бұл биологиялық өңдеу жұмыстарының үшінші кезеңі.
Өңдеу жұмыстары көшелер бойында биологиялық препараттарды арнайы техниканың күшімен шашу және аулаларда қол әдісімен шашу арқылы жүргізілді.
Атап айтсақ:
— Медеу ауданында, Қарасай батыр, Пушкин, Төле би, Төлебаев көшелері және Зенков, Жібек жолы, Төле би, Төлебаев, Жүргенов көшелеріндегі аулалар;
— Бостандық ауданында, Попов, Марков, Шашкин, Тимирязев, Садықов, Алматинская, Исиналиев көшелері;
— Түрксіб ауданында, Палладин, Сайранская, Осипенко, Құрманов, Шолохов, Чехов, Сауранбаев, Ровенская, Пугачев, Полярная, Чернышевский, Физкультурная, Каспийский, Черногорская, Каракалпакская, Кызылординская, Медицинская, Котельников, Щербаков көшелері және Жұлдыз ықшам ауданы;
— Наурызбай ауданында Таусамал ықшам ауданындағы 4-5-6 переулок, Ақжар ықшам ауданындағы Малинки, Егінсу көшелері;
— Жетісу ауданында, Қазыбаев, Азовская, Бұлқышев көшелері және Райымбек батыр даңғылы;
— Алатау ауданында, Емцов көшесі мен Райымбек батыр даңғылын қоса алғанда.
Өңдеу жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген «Green Gold» сертификатталған биологиялық препараты қолданылды. Бұл препарат зиянкестердің санын нақты бақылауды, сондай-ақ ұзақ мерзімді қорғауды және жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.